
ШҚО ТЖД «16 күн гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-қимылдар» акциясы төңірегінде іс-шара өтті. ШҚО Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасы әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бойынша аға инспекторы Алена Мокина гендерлік зорлық-зомбылықты алдын алу бойынша, қоғамдағы әйелдердің рөлі мәртебесін көтеру жайында сөз қозғады. Кездесу барысында ШҚО ТЖД психологтары арт-терапия әдісін қолданумен тренинг өткізді, бұл тренинг әйелдерге эмоцияларын шығаруға, проблемалардан арылуға көмек береді. «Осындай акцияларға қатысуға әрқашан қуаныштымыз, төтенше жағдайларды алдын алу саласында офицерлерге көмек беріп, біздің ведомствода әйел адамдардың қызмет атқарып жүргендері үлкен мәртебе. Әйел адамдардың ыңғайлы жұмыс істеулеріне әрқашан жайдай жасап отырамыз. Бізде әйелдер кеңесі бар, ол жерде біз қоғамдағы әйелдер рөлін, тұрмыстық жағдайдағы зорлық-зомбылықты алдын алу туралы сөз қозғап отырамыз, - деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығы Рашид Блялов.
ШҚО ТЖД гарнизонында бүгінде 174 әйел адам аймақтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында қызмет етеді, олар – кинологтар, диспетчерлер, ТЖ алдын алу және жою басқармаларының қызметкерлері, психологтар, кадр, заң және қаржы қызметінің қызметкерлері, кеңсе, мемлекеттік өрт бақылау және баспасөз қызметінің қызметкерлері.