
ҰОС қатысушысы, Шығыс Қазақстан облысы өрт күзету бөлімінің инженері болып қызмет атқарған Таланов Николай Степановичтың жесірі Нина Никитична Таланова 90 жасқа толды.
Мерейтой күні ол кісіні құттықтап ШҚО ТЖД офицерлері мен бұрын қызмет еткен зейнеткерлер келді. Нина Никитична жасы келіп қалса да, белсенді өмір сүруді әдетке айналдырған.
Ол кісіге денсаулық, ұзақ өмір, жақсылық пен амандық тілейміз.