
2024 жылғы 21 қарашада "Қыс-2024" Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы шеңберінде Шығыс Қазақстанда 11 сағат 00 минутта радио мен телеарналар қармап алынады және электрсиреналар, сиреналық-сөйлеу құрылғылары іске қосылатын болады. Электрсиреналарды іске қосу "Баршаның назарына!" деген белгіні білдіреді.
Барлық ересек адамдар өздері үйреніп, балаларға сиреналардың дыбысы "Баршаның назарына" сигналы екенін түсіндіруі керек. Оны естігенде қорқудың қажеті жоқ, бірақ оның себебін түсіндіруді күту керек.
ТЖД құлақтандыру жүйесінің жаттығуларына түсіністікпен қарауды сұрайды және берілген ұсыныстарға сүйене отырып, міндетті түрде өзіңіз үйренуді сұрайды.