ШҚО ТЖД мерзімді әскери қызметке шақырылушыларды шығарып салу рәсімін өткізді

ШҚО ТЖД мерзімді әскери қызметке шақырылушыларды шығарып салу рәсімін өткізді

Өскеменде салтанатты түрде төтенше жағдайлар министрлігінің 28237 әскери бөліміне әскерге шақырылушыларды шығарып салды.
Жас жауынгерлерге ШҚО ТЖД басшылығы мен офицерлері сөз сөйледі.
ШҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Дәурен Ағажаев:
"Біздің жастар Отан алдындағы борышын абыроймен орындайды деп сенеміз.
Мерзімді әскери қызметтен өту жастардың физикалық және рухани нығаюына ықпал етеді. Әскерден кейін әркімнің ҚР ТЖМ қатарын толықтыруға және өз өмірін осы асыл мамандыққа арнап, азаматтардың қауіпсіздігі үшін қызметін жалғастыруға мүмкіндігі бар".