Екінші сынып оқушылары құтқарушылар кәсібімен танысты

Екінші сынып оқушылары құтқарушылар кәсібімен танысты

17 мектеп оқушылары ШҚО ТЖД Мамандандырылған жасағында болды. Өрт сөндіруші-құтқарушылар оқушыларға неліктен өрт болатынын, оның ішінде балалардың отқа абайсыз қараулары себебінен болатынын да атап айтты. Балаларға қауіпсіздік шараларын және өрт туындаған кезде қалай өз өздерін ұстау керектігін түсіндірді, шұғыл қызмет телефон нөмірін естеріне салды. Өрт сөндіру депосы және өрт сөндіру- құтқару кәсібі туралы айтып, естен кетпес экскурсия өткізді. Балалар өрт сөндірушілердің киімдерін өлшеп көріп, өрт сөндіру автокөліктеріне де отырып тамашалады.

Балалар мен тәрбиешілер құтқарушыларға алғыстарын білдіріп, өрт қауіпсіздік ережелерін сақтайтындықтарына уәде берді.

ШҚО ТЖД атап айтқандары бойынша оқушылармен өткізген кездесу - өртті алдын алуда нәтиже береді. Өскелең ұрпақ ережелерді жеңіл есте сақтап, игереді, бұл олардың шұғыл жағдайда қобалжымауларына мүмкіндік береді.