ШҚО-да шаруашылық құрылыстары мен шөптегі өрт жойылды

ШҚО-да шаруашылық құрылыстары мен шөптегі өрт жойылды

Шемонаиха ауданы, Убинка ауылында жеке тұрғын үй аумағында өрт шықты.
Келген өрт сөндірушілер 50 шаршы метр аумақтағы өртті жойып, сондай-ақ 8 тонна шөпті толығымен сөндірді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.
ШҚО ТЖД шөпті сақтау кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ескертеді.
Отпен жұмыс істегенде абай болыңыз.