Күршім ауданында балық аулау кезінде екі адам суға батып кетті

Күршім ауданында балық аулау кезінде екі адам суға батып кетті

Бұқтырма су қоймасында, Торанғы шығанағында 1993 және 1986 жылы туған екі адам балық аулау кезінде қайықпен аударылып, суға батып кетті. ШҚО ТЖД сүңгуір-құтқарушыларының күшімен іздеу жұмыстары жүргізілді, нәтижесінде қаза тапқандардың денелері табылып, судан шығарылды. Оларда құтқару кеудешелері болған жоқ.

ШҚО ТЖД балық аулау кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін еске салады. Қайықта болған кезде құтқару кеудешелерінің болуы міндетті.

Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлау қажет.