Правила пожарной безопасности при заготовке и хранении грубых кормов

Правила пожарной безопасности при заготовке и хранении грубых кормов

Қазіргі таңда ауданның шаруа қожалықтары шем шөп дайындау жұмыстары  қарқынды жүруде. Сол себепті егінді алқапта арнайы техникалардың көп жұмыс істеуіне байланысты өрт шығу қаупі туындауда. Сол себепті Үржар ауданының ТЖБ қызметкерлерімен «Жанна» және «Береке» шаруа қожалықтарына кезекті рейдтік іс-шаралар өткізілді.  Жоғарыда көрсетілген шаруа қожалық басшылары және жұмысшыларымен өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау бойынша 32 адамға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, 50 дана жаднама таратылды.

 

Қысқы жем-шөпті дайындау және сақта кезіндегі өрт қауіпсіздігі талптары!

    Қазіргі таңда ауданымыздың ауылдық окургтері мен елді-мекендерінде қысқы уақытқа малға жем-шөп дайындау науқаны жүріп жатыр. Осы кезеңде шөп шабындықтарында өрт қаупі жоғары болады, өйткені өсімдіктердің кептірілген сабақтары оңай тұтанады. Сондықтанда осы шөп дайындау жұмыстарында жүрген азаматтардан қарапайым өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауларын сұраймыз. Бірінші кезекте тракторлар мен автомобильдерде ұшқын сөндіргіштердің болуын, агрегаттардың жарамдылығын тексеру, жанар-жағармайының ағып кетуіне жол бермеу, қолданылатын техникада өрт сөндіргіш, күрек, сыпырғыштың болуы тиіс.

    Өрт қауіпі тек жем-шөп дайындайтын жерлерде ғана емес, сонымен қатар оларды сақтау орындарында да бар. Сондай жем-шөпті скақтау кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелері:

-құрғақ, ыстық және желді ауа райы жағдайында ауылдық елді мекендерде және саяжай кенттерінде, бау-бақша учаскелерінде от жағуға, белгілі бір учаскелерде өрт қауіпті жұмыстарды жүргізуге, қатты отынмен жұмыс істейтін пештерді, ас үй ошақтарын және қазандық қондырғыларын жағуға жол берілмейді;

- тұрғын үйлердің аулаларында пішен жинау аула құрылыстарына дейін кемінде 15 метр қашықтықта орындалады. Көрсетілген қашықтықта шөп жинау мүмкін болмаған жағдайда, су құйылған қосымша сыйымдылығы 500 литрден кем емес ыдыс қойылса, арақашықтық 5 метрге дейін қысқарады. Жем-шөпті жинау кезінде тиым салынатын орындар:

1) қора-жайдың, шаруашылық салымдардың шатырларына жинауға;

2) электр желілерінің дәл астына жинауға;

3) учаскенің сыртқы қоршауынан 3 метрден кем қашықтықта;

4)көшелерде, жолдарда, үй жанындағы учаскелерден тыс жерлерде шөп, шөп маяларын, сабанды, басқа да ірі жем түрлерін орналастыруға.

Ірі жем-шөпті тасымалдау арнайы жабдықталған көлік құралымен жүзеге асырылады, оның пайдаланылатын құбырлары радиатордың астына шығарылады және ұшқын сөндіргіштермен жабдықталады. Ірі жем-шөпті тасымалдауға арналған көлік құралдары қосымша екі ұнтақты өрт сөндіргішпен жабдықталады.Ірі жем-шөпті жинау биіктігі жер деңгейінен 4 метрден аспауы керек.

 

Құрметті шаруа қожалықтарының басшылары және аудан тұрғындары! Ірі жем-шөпті сақтау үшін өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтауларыңызды сұраймыз.

 

 

Үржар ауданының төтенше жағдайлар бөлімі