Қазақстан ТЖД құтқарушылары өрт кезінде 6 адамды құтқарды

Қазақстан ТЖД құтқарушылары өрт кезінде 6 адамды құтқарды

Өскемен қаласы Гагарин бульвары көшесі бойында бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабаттағы пәтерде өрт орын алды.

ТЖД қызметкерлері баспалдақ маршымен 21 адамды, оның ішінде 4 баланы эвакуациялап, құтқару капюшоны көмегімен 6 адамды оның ішінде 3 баланы құтқарды.

 Өрт 20 ш.м. алаңда жедел түрде сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ.Өрт орын алған жағдайда 112 нөмеріне хабарласыңыз!