Шығыс Қазақстан облысының алқаптарында егін жинау басталды, яғни оған тартылған барлық тұлғалар өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықтан өтеді.

Шығыс Қазақстан облысының алқаптарында егін жинау басталды, яғни оған тартылған барлық тұлғалар өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықтан өтеді.

Биыл өңір алқаптарында 775 000 гектардан астам дәнді дақылдар егілді. Егін жинау науқаны енді ғана басталды, бірақ өртті болдырмау мақсатында азаматтық қорғау қызметкерлері үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, қызметкерлерге кеңес береді.

Өрт сөндірушілер шаруа қожалықтарының алқаптарында өрт қауіпсіздігінің орындалған талаптарының бар-жоғын тексереді, атап айтқанда астық алқаптарында ормандарға, автомобиль жолдарына жапсарлас жерлерде жолағының ені 4 метрден кем емес жырту жүргізілуі тиіс.

"Жұмыс алдында кез-келген мамандандырылған техника алғашқы өрт сөндіру құралдарымен жабдықталуы керек, мысалы, барлық типтегі комбайнда екі өрт сөндіргіш және екі күрек болуы керек, трактор үшін бір өрт сөндіру құралы жеткілікті. Кез келген техника жарамды ұшқын сөндіргішпен жабдықталады, жануды болдырмау үшін көлікке жанармай құюға, дәнекерлеу шамдарымен және ашық капоттармен жұмыс істеуге қатаң тыйым салынады", - деп түсіндірді ШҚО ТЖД ЗҚҚАжАҚСББ маманы Нұржан Өміржанов.

Дәнді дақылдарды жинау қатаң түрде ауданы 50 гектардан аспайтын бөлінген учаскелерде жүргізіледі. Уақытша сақтау, астық қырмандары ғимараттар мен құрылыстардан 50 метрден, ал астық алқаптарынан 100 метрден жақын емес орналастырылады.

Осындай талаптар шөп жинауға да қолданылады, тек мұнда жауапкершілік жеке тұлғаларға жүктеледі. Шөп сақтайтын аумағы қоқыстан тазартылып, су көзіне жақын орналасуы тиіс. Шөптен электр беру желілеріне дейінгі қашықтық кемінде 15 метр, жолдардан кемінде 20 метр, ғимараттар мен құрылыстардан кемінде 50 метр. Ірі жемді тұрғын үйлердің жанындағы сарайлардың төбесінде, өту жолдарында сақтауға тыйым салынады.

Тәжірибе көрсеткендей, барлық азаматтар талаптарды сақтай бермейді. Бүгінгі күні ШҚО бойынша 102 ірі жем-шөп өрттері тіркелді. Отпен 730 тоннадан астам шөп жойылды. Шығын 10 миллион теңгені құрады. Сонымен бірге шаруа қожалықтары аумағында өрт жағдайлары тіркелген жоқ.

ШҚО ТЖД Зілзалалардың  қауіп-қатерін  азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасы