Құтқару жилеті күні

Құтқару жилеті күні

Биылғы жылы құтқару кеудешесіне 183 жыл толады. Ол алғаш рет 1841 жылы 16 қарашада патенттелген. Көбінесе балықшылар мен туристер қайықта немесе скутерге мінген кезде қауіпсіздіктің аса маңызды элементі болып табылатын жабықтың осы бір түріне аса көп мән бере қоймайды. Күртешенің "жұмыс істеу" принципі қарапайым - ол адамды су бетінде ұстап тұрады.
Күртешені сатып алған кезде мынаған көңіл аудару қажет:
- күртешені киіп көріңіз, ол сізге дәл және ыңғайлы болуы, қозғалысты шектемеуі тиіс
- маңызды сипаттаманың бірі - оның түсі, егер күртеше ашық түсті, көзге бірден көрінетін және көзге түсетін болса, онда сізді құтқару мүмкіндігі арта түседі
Қауіпсіздік талаптарын сақтаңыз!
Қайықта немесе су скутерінде болған кезде құтқару күртешесін киіңіз.