
Бір мезгілде Өскемен мен Ұлан ауданының өрт сөндірушілері жеке тұрғын үйлерді қамтыған өртпен күресті.
Облыс орталығында үйден 2 газ баллоны шығарылды, өрттің көрші тұрғын үйге таралуына жол берілмеді. Өрт 100 шаршы метр алаңда сөндірілді.
Қасым Қайсенов кентінде үйдің шатыры өртке оранды. ШҚО ТЖД келген бөлімшелері 80 шаршы метр алаңдағы өртті сөндірді.
Зардап шеккендер жоқ.
ТЖД тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды ұсынады. Өртке әкелуі мүмкін бұзушылықтарды уақтылы жоюға кенес береді.