Абай болыңыз, қар көшкіні жүруі мүмкін!

Абай болыңыз, қар көшкіні жүруі мүмкін!

«Қазселденқорғау» ММ ШҚ филиалының ақпараты бойынша қолайсыз метеожағдайларға облыстың көп бөлігінде қатты жауын-шашынның түсуіне, желдің күшеюіне және қар жамылғысының тұрақсыздығына байланысты,  15-18 қарашаға дейінгі аралықта облыстың таулы аудандарында қар көшкіні жүру қаупі бар.

ШҚО ТЖД мамандары бұл уақытта тауға барудан бас тартуды ұсынады.  Көшкін қаупі бар ошақтар автомобиль жолдарына қауіп төндіреді, олардың жанынан өтіп бара жатқанда – тоқтамаңыз, қауіпті аймақтан тез шығыңыз. Ұялы телефонынан барлық жедел қызметтерді шақыру үшін бірыңғай нөмір «112-ге» хабарласыңыз.