
Шығысқазақстандық құтқарушылары, балалар мен мұғалімдерге төтенше жағдай кезінде қалай әрекет ету керектігін тәжірибе жүзінде көрсетіп, сейсмикалық дайындық жүргізді.
Төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері өздері жасаған танымдық мультфильмдерін көрсетті, ондағы Тентек пен Ая кейіпкерлері балаларға түсінікті тілде алғашқы сілкініс кезінде қалай әрекет ету және құлап жатқан заттардан сақ болу керектігін айтып берді.
Тәжірибелік сабақ барысында балалар 15 секунд ішінде қабырғалардың негізгі ішкі саңылауларын, бөлмелердің кіреберіс есіктерін және бұрыштарына орналасып, қауіпсіз орындарды еске сақтап, жылдам иеленді.
«Мұндай оқу-жаттығулар төтенше жағдай кезіндегі қауіпсіз мінез-құлық негіздері бойынша негізгі дағдыларды қалыптастыруға және балалардың қатысуымен болатын жазатайым оқиғалардың алдын алу шаралары бойынша айтарлықтай нәтиже береді. Құтқарушылар ережелерді егжей-тегжейлі түсіндіріп, жер сілкінісі кезінде өз - өзіне көмектесетін ұсыныстар берді», - деп атап өтті «Алтын дән» арнайы балабақшасының директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Жадыра Бекжанова.