
ШҚО ТЖД Дағдарыс орталығында ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Қуатбек Кенжебекұлының төрағалығымен "Қыс-2024" Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуына дайындық шеңберінде азаматтық қорғау қызметтерінің қатысуымен жұмыс кеңесі өтті.
Қатысушылар алдына қойылған міндеттер: қысқы кезеңде төтенше жағдайлар қаупі мен туындауы кезінде әрекет етуге қабылданатын шаралардың тиімділігін арттыру болды.
Қуатбек Кенжебекұлы оқу-жаттығу өткізу кезеңінде төтенше жағдайлар кезінде халыққа жан-жақты жедел және көмек көрсетуге тиіс барлық қызметтер мен ведомстволардың, тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің, жергілікті атқарушы органдардың үйлесімділігі мен өзара іс-қимылына қол жеткізу маңызды екенін атап өтті.