Шығыс Қазақстан облысында 8 тонна шөптің жануы сөндірілді

Шығыс Қазақстан облысында 8 тонна шөптің жануы сөндірілді

Марқакөл ауылындағы шаруашылық қожалықтардың бірінің аумағында жиналған шөптің жануы орын алды.

Өрт сөндірушілердің кәсіби әрекеттерінің арқасында өрттің таралуына жол берілмеді. Өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

ТЖД шөпті тұрғын үйлерден, шаруашылық құрылыстар мен жолдардан неғұрлым алыс жерлерде сақтау қажет екенін еске салады.