Балкон жанып, нәтижесінде 75 адам эвакуацияланды

Балкон жанып, нәтижесінде 75 адам эвакуацияланды

Көп қабатты үйлерді балконсыз елестету мүмкін емес, өйткені бұл кез-келген ғимараттың ажырамас атрибуты. Алайда, көптеген тұрғындар оларды "көмекші" немесе "темекі шегу орны"ретінде пайдаланады. Олар онда сөндірілмеген темекі тұқылдарын қалдырады немесе салдары туралы ойламай, оларды төменге қарай лақтырады. Кей жағңдайда тастанды темекі төменгі қабаттардың балкондар мен лоджияларға түсіп, өрттің себебіне айналады. 2020 жылдың басынан бері облыс бойынша балкондарда 20-дан астам өрт тіркелді.

 

Кеше кешке өрт күзетінің пультіне Семей қаласындағы 5 қабатты жатақхананың 3-қабатындағы балкон жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға туралы бірінші қабаттағы көршісі хабарлады. Ол күйген иіс сезіп, 3-ші қабаттың балконынан түтін көрді. Дереу 10-ді терді.

Шақырту орнына келген кезде 5 қабатты дәліз түріндегі тұрғын үй жатақханасының 3-ші қабатының балконында жеке заттар, жиһаз, терезе және есік, жалпы алаңы 5 ш. м. пластиктен жасалған құрылыс материалдар жанып жатқаны анықталды. Сондай-ақ, қауіпсіздік мақсатында 75 адам, оның ішінде 25 бала эвакуацияланды. Құтқарушылардың жедел іс-қимылдарының арқасында өрт пәтерге өтіп үлгермеді. Өрт себебі бойынша мынадай нұсқалар пысықталуда: 1) мас күйінде темекі шегу кезінде абайсыздық; 2) отты абайсыз пайдалану.

         Осындай түрдегі өрттерді болдырмау үшін өрт сөндірушілер халыққа өз балкондарын жанғыш материалдармен қоқыстамауды сұрайды. Пәтерден шыққан кезде терезелерді жауып(егер балкон шыныланған болса), балкондардан (лоджиялардан) сөндірілмеген сіріңкелер мен темекі тұқылдарын қалдырмаңыз. Балконға (лоджияға) өрт шыққан кезде 101 немесе 112 телефонына қоңырау шалыңыз.

 

ШҚО ТЖД