
"Бұқтырма цемент компаниясы" ЖШС басшылығы ШҚО ТЖ департаментінің атына Октябрьск кентінің 20-ӨСБ қызметкерлеріне кәсіби міндеттерін адал және мінсіз орындағаны, таспалы галерея құрылысының жануы кезінде жедел әрекет етуі және сауатты іс-әрекеттері үшін алғыс сөздерін жолдады. Естеріңізге сала кетейік, 19 шілдеде Алтай ауданы, Октябрьский кенті "Бұқтырма цемент компаниясы" ЖШС-те 535 ш.м. алаңда өрт шықты. Көмірді ұсақтау цехынан бункер-жинақтауышқа, электр кәбілдерін оқшаулауға беретін транспортер таспасы өрткенген. Өрт сөндіру қызметінің 30 қызметкеріне өртті толық жою үшін 9 сағаттан астам уақыт қажет болды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт себебі бойынша технологиялық үдерістің бұзылуы – нұсқасы пысықталды.
Мұндай алғыс сөздер әрқашан біздің жауынгерлеріміздің жауынгерлік рухын көтереді. Біздің жауынгерлеріміздің қиын еңбегін бағалағаныңызға алғыс білдіреміз!
ШҚО ТЖД