
Өрт қауіпті мерзім әлі аяқталған жоқ, ал өңірде орман өрттерінің өсімі 41%. От жойған орман ауданы өткен жылмен салыстырғанда 52 есеге көп. Бесқарағай ауданында, «Семей Орманы» аумағында Долон филиалының Грачевск орманшылығында болған ауқымды сәуір өрті аса ірі шығын келтірді. Сол кезде өрт салдарынан 3500 гектар орман жойылды.
85% жағдайда жанудың себебі найзағай разряды болып табылады. Қалған 15% - адами факторға жатады, тұрғындардың отпен абайсыз болуы. Облыс бойынша орманды қорғау және бұзушыларды анықтау үшін азаматтық қорғау күштері, жергілікті полиция қызметі, орман мекемелері мен аудандық әкімдіктер арасынан 70 жұмылдыру топтары әрекет етеді.
«Бүгінгі күні 350 алдын алу рейдтері жүргізілді, оның нәтижесінде 125 бұзушылар анықталды. Адамдар орман алқабы аумағында от жағып, қоқыс өртеген. Барлық азаматтар -ҚР ӘҚБтК 336-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды», -дейді ШҚО ТЖД Зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасының маманы Нұржан Өміржанов.
ШҚО аумағында өрт қауіпті мерзім 1 қарашаға дейін екенін еске саламыз. Қазір астық жинау науқаны кезінде және құрғақ ауа райында өрт қауіпсіздігі ережелеріне аса мән беріңіздер. Егер Сіз шөп қалдықтарын өртеудің куәсі болған жағдайда дереу 101 телефоны арқылы хабар беріңіз.
ШҚО ТЖД Зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасы