Жоғары қауіпті агрегат – бұл....

Жоғары қауіпті агрегат – бұл....

Жыл басынан Шығыс-Қазақстан облысында 44 автокөлік өртеніп кетті (олардың 3-і Риддер қаласында), осыған орай газбаллондық құрылғылармен жабдықталған автокөліктердің құю орындарында Риддер қаласының төтенше жағдайлар бойынша Басқарма қызметкерлерімен  рейд іс-шаралары өткізілді. Рейд барысында автокөлік иеленушілеріне газбаллондық құрылғыларды қолдану бойынша талаптар түсіндірілді.

Жүргізушілерге жадынамалар мен автокөліктік ароматизорлар таратылды.

Тағы бір рет ескертеміз! Газбаллон құрылғысын орнату кезінде ГБҚ дұрыс қолдану мен қызмет ету бойынша нұсқаманы орындау қажет.

ГАЗДЫ АВТОКӨЛІКТІ ҚОЛДАНУ

Сіздің автокөлігіңізге газбаллондық құрылғыларды жинақтағаннан кейін:

  • Сіздің ауданыңыздағы газ заправкалары орналасуы, газдағы автокөлікті қолдану ерекшеліктері мен қауіпсіздік шаралары туралы орнатушыдан консультация алыңыз;
  • Орнатылған құрылғыны тіркеу мүмкіндігі үшін полиция органдарынан құжаттар жинағын алыңыз;
  • Егер сіз газда алғаш рет жүрсеңіз – газ жүйесі, автокөлікті газбен құю және газ баллонын қайта жабуды басқару органдарымен бастапқы жұмыс дағдыларын алу үшін орнату орталығының қызметкерлерімен тестілік жұру өткізіңіз;
  • Қолданудың алғашқы жұмаларында мүмкіндік бойынша орнатылған құрылғы жағдайына көзбен шолу мен нұсқаулық бақылау өткізіңіз (салқын сұйықтықтың тамшылауы жоқ па, орнатылған орындардан сым мен шлангтардың шығып кетуі жоқ па).

Назар аударыңыз! Автокөлік салоны ішінде, немесе автокөлік жанында газ иісін байқасаңыз, шұғыл түрде баллондағы барлық газ вентильдерін қайта жабыңыз және ақаулықтарды жою үшін орнатушымен байланысыңыз! Автокөлік қозғалысын бензинмен де жалғастыруға болады.

МОТОРЛЫ БӨЛІКТЕРДІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚОЛДАНЫСЫ

Әр сапар алдында газ жүйесі тораптарының визуалды бақылауын өткізу қажет. Бір айда бір реттен сирек емес газ жүйесі тораптарының және шланг жағдайының визуалды (бекіту сенімділігі, жарылу, тамшылауын, қамыт созылуын) және нұсқаулық бақылауын өткізу (жарылу, тамшылау, шланг денесінің илемділігі).

Газ жүйесін орнатудан кейін газ жүйесінің басқару блокының әбзел ажырағышы мен қысым датчигіне, газ жүйесінің басқару блокының өзіне ылғал бен жуу құралдарынан қорғау шараларын қабылдамай, қозғалтқыш пен капот асты кеңістікті жууға тыйым салынады.

Газбаллондық құрылғы жүйесінің техникалық қарауы мен регламенттік жұмыстарын уақытылы өтіңіз.

 Риддер қ. ТЖБ