
ШҚО ТЖД құтқарушылары дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешенінде оқитын балалармен кездесті. ТЖ қызметінің мамандары балалармен және тәрбиешілермен өрт қауіпсіздігі ережелерін пысықтады. Викторина өткізіліп, балаларға үйдегі өртті қалай болдырмауға болады, егер сіз отты байқасаңыз, қайда қоңырау шалу керек, не істеу керек, өрт басталған бөлмеде не істеу керек деген сияқты сұрақтар қойылды. Балалар өздеріне қойылған сұрақтарға ықыласпен және қызығушылықпен жауап беріп жатты, сонымен қатар, өрт қауіпсіздігі ережелерін елемеудің неге әкеп соғатынын, отпен ойнау жаман екенін жақсы біледі. Сабақтан кейін өрт кезінде ғимараттан эвакуациялау іс жүзінде пысықталды. Кездесудің басты нәтижесі - балалар қауіпсіздік бойынша білімдерін арттыра түсті.