
Катонқарағай ауданы Катонқарағай ауылы «ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» РММ №27 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру автокөлігінің жүргізуші-қызметкері Зейін Бекжанұлы Сағидолда 42 жасында бесінші рет әке атанды. Ұл балаға Әлмырза деген есім берілді, сондай-ақ отбасында үш қыз және тағы бір ұл тәрбиеленіп жатыр. Зейін көпбалалы әке болу үлкен бақыт деп есептейді.
Зейін Бекжанұлы Сағидолда азаматтық қорғау органында 15 жылдай қызмет атқарады, әр-түрлі табиғи өрттерді сөндіруге қатысып келеді.
Жұбайы Мадина күйеуінің кәсібін мақтан тұтады және барлығына көпбалалы отбасының бақытын сезінуді тілейді.
Көпбалалы отбасының қуанышы ұзағынан болсын! Нәрестенің бауы берік, дені сау болып өсуіне тілектеспіз.