ШҚО -да құрғақ шөптің жануы жойылды

ШҚО -да құрғақ шөптің жануы жойылды

Ұлан ауданында Акимовка ауылының маңында аумағы 5 га құрайтын құрғақ шөптің жануы орын алды. Желдің салдарынан өрт 6 қараусыз қалған жазғы саяжай үйлеріне таралды.Өрт сөндірушілердің күштерімен қазіргі уақытта өрт жойылды. Өрттің шығуына болжамды себеп- отты абайсыз пайдалану. Зардап шеккендер жоқ.