Өрт сөндіру көлігіне жол беріңіз

Өрт сөндіру көлігіне жол беріңіз

Өскеменде қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері мен ШҚО ТЖД құтқарушылары арнайы профилактикалық рейдтер жүргізді. Өздеріңіз білетіндей, төтенше жағдайда әр секунд санаулы, аздаған кідіріс адам өміріне тұрарлық болуы мүмкін. Алайда, өрт сөндіру көлігінің сиренасының дыбысын естіген кезде жол бермейтін жүргізушілер де аз емес.
"Өрт сөндіруге және құтқаруға арналған уақытта өрт сөндіру көліктері уақытты жоғалтуына тура келеді. Тұрғын үйлердің подъезд алдына қойылған автокөліктердің кесірінен автоцистернаны орнатудың өзі жеке мәселе.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Өрт сөндіру ережесіне сәйкес, 164 - тармағындағы "Ғимараттарға, құрылыстарға, ашық қоймаларға және сыртқы өрт сатыларына және өртке қарсы сумен жабдықтау көздеріне жолдар, өтпелер мен кіреберістер жарамды күйде ұсталады және өрт техникасының өтуі үшін қолжетімді", - деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы Қуатбек Кенжебекұлы.
Полиция қызметкерлері өрт сөндіру автокөлігінің кабинасына бірге отырып, жүргізушілердің өрт сөндіру көлігін қалай өткізетінін тексерді, өткізілген іс-шаралар нәтижесінде бір құқық бұзушыны ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы"кодексінің 598-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты. Өскемен қаласы Полиция басқармасы қызметкерлерінің деректері бойынша жыл басынан бері жоғарыда аталған құқық бұзушылық бойынша 8 жүргізуші, облыс бойынша-12 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
ШҚО ТЖД автокөлік жүргізушілерінің назарын ережелерді сақтауға шақырады:
-тұрақ немесе тұрақ үшін орынды таңдағанда, арнайы техниканың кіру орындарын бос қалдыруды ұмытпаңыз
- көрсетілген арнайы сигналдары бар көлік құралы жақындаған кезде жүргізушілер кедергісіз өтуді қамтамасыз ету үшін жол беруге міндетті