
Өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда жанулар санының төмендеуі 4% құрағанына қарамастан, от ай сайын, орташа 4-тен 8-ге дейін автомобильдерді зақымдайды. Жанудың себебі, әдетте электр өткізгіштің қысқаша тұйықталуы және автомобильдің жылыту аппаратурасының техникалық ақаулығы болып табылады.
Статистикаға сәйкес, жалпы санының 83% жанып кеткен көлік 90-шы және 2000-шы жылы шет елде шығарылған болып шығады. Көбінде жанып кеткен көліктің арасында Фольцваген, Тойота, Ниссан, Субару маркалы автомобильдерін кездестіруге болады. 17% УАЗ, ВАЗ, ГАЗ маркалы ресей өндірісінің автомобильдеріне жатады.
Автокөліктегі өрттердің негізгі себебі, мамандардың есептеуі бойынша автомобильдің техникалық ескіруі болып табылады. Өрт болған автомобильдердің көпшілігі 30 жыл бұрынғы машиналар. Сондай-ақ, барлық автомобиль иелері қауіпсіздік мәселелеріне жауапты қарамайды. Өртті бірінші минуттарда сөндіруге болатын кезде, барлығында өрт сөндіргіш қолдарында бола қоймайды. Ал бұл зат автокөліктегі өрт қауіпсіздігі талаптарының басты ережелерінің бірі болып табылады.
Ерекше назар газбен жүретін автомобиль иелеріне аудару қажет. Себебі, соңғы уақытта газ баллон жабдықтарының жарылған жағдайлары жиілеп кетті. Көбінде жабдықты монтаждау кезінде баллондарды неғұрлым көп толтыру мүмкін болу үшін артық қысым клапандары орнатылмайды, бұл соңында температура жоғарылағанда газдың кеңеюіне және жарылысқа әкеліп соғады.
Сондай-ақ, өрт қауіпсіздігі ережелерінің жаңартылған талаптарына сәйкес, тұрғын және қоғамдық ғимараттарға қоса салынған немесе жапсыра салынған жабық тұрақтарға газ баллон жабдықтарымен автомобильдерге кіруге тыйым салынады.
ШҚО ТЖД Зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасы