ШҚО құтқарушылары оттың таралуына жол бермеді

ШҚО құтқарушылары оттың таралуына жол бермеді

Өскемен қаласындағы мейрамханалардың бірінде ас үй бөлмесінде май қалдықтары жанды.

Жану 0,2 шаршы метр алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Есіңізде болсын! Егер май жанса:
Тамақ пісіріп жатқан пешті немесе электр құрылғысын өшіріңіз;
Табаны немесе кастрюльді қақпақпен жабыңыз, бірақ шыны қақпақ болмауы керек!
Жанып тұрған майды сумен сөндірмеңіз - бұл қауіпті;
Өрт сөндіргіштерді сатып алыңыз, алғашқы өрт сөндіру құралы жедел қызметтер келгенге дейін жалынды сөндіруге көмектеседі.