
Газ жабдықтарымен байланысты автокөліктегі өрттердің жиілеуіне байланысты, ШҚО ТЖД Зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасы автомашиналар мен газ жанармай құю станцияларының иелерін ережелерге мән беруін, және машиналарға жанармай құю кезінде нақты нұсқаулықтарды сақтауға шақырады.
ШҚО аумағында 40 газ жанармай құю станциясы орналасқан, жыл сайын ШҚО ТЖД қызметкерлері өрт қауіпсіздігіне қатысты тексеру жүргізеді. Алайда, шағын бизнес субъектілеріне тексеру жүргізуге мараторий енгізілуіне байланысты, газ жанармай құю санцияларын тексеру уақытша тоқтатылған. Сонымен бірге, бұл газ жанармай құю санцияларының басшылары мен авто иелерін жауапкершіліктен босатпайды.
«Бірінші кезекте, көлік құралдарының иелері тиісті ұйымдардан қауіпсіздік сертификаттары бар газ баллон жабдықтарын орнатуы қажет. Ол туралы, міндетті түрде газ баллон жабдығын орнату туралы көлік құралын тіркеу туралы куәлікте ерекше белгі болуы қажет. Газ баллон жабдығын қауіпсіз пайдалану үшін арнайы құрылғы пайдаланылады, ол ыдысқа газды барлық көлемінен 85% толуын қадағалайды, бұл қызған кезде газды ауа қоспасының жарылуына жол бермейді », - дейді ШҚО ТЖД ШҚО ТЖД ЗҚҚАжАҚСББ бастығының міндетін атқарушы Ринат Қондыбаев.
Азаматтардың тұрмыстық газ баллондарын толтыру үшін авто-газ жанармай құю станцияларының қызметін пайдалануы жиі құбылыс екенін атап өту керек.
Аталған әрекетке «Газ және газбен қамту туралы» ҚР Заңының талаптарымен тыйым салынады, яғни «Тұрмыстық баллондардағы сұйытылған мұнай газын жекелеп сатуды, сондай-ақ оны толтыруды газ желілік ұйымдары және газ толтыру пункттерінің иелері жүзеге асырады, олар тұрмыстық баллондардың жарамды техникалық жағдайын қамтамасыз етуге міндетті».
Соңғы жағдайлардың бірі Аягөз ауданында болды, онда азамат тұрмыстық баллонды толтыру үшін, қауіпсіздік талаптарын бұзып, газ жанармай құю станциясының қызметіне жүгінген. Аталған баллон үйге әкелінген, қызған соң, газ кеңейгеннен кейін жарылыс болып, салдарынан төбе жабыны құлаған. Ауруханаға 7 адам, оның ішінде 4 бала жатқызылған.
ШҚО ТЖД өрт сөндірушілері газ жабдықтары бар машина иелеріне мұқият болуы, барлық қауіпсіздік шаралары сақтауын және тәуекелге бармауын ұсынады!
ШҚО ТЖД Зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасы