
ШҚО ТЖД қызметкерлері жалғыз тұратын зейнеткерлер мен көпбалалы отбасыларға пештерді қысқа дайындауға көмек көрсетуде.
Қысқы жылыту маусымы басталды. Бүгінде құтқарушылар 52 мыңнан астам үйді аралап, олардың 13 090-ында орын алған бұзушылықтарды сол жерде жойды.
«Жеке сектор тұрғындары отындарын дайындап алған, бірақ кейбіреулері пештерді жөндеуге немқұрайлы қараған. Мүмкін, жастары келіп, қарапайым шараларды жүзеге асыруға шамалары келмейтін шығар – пештің жарықтарын сылап, әктеп, алдына қорғаныс қағазын төсеуге күші жетпейді», – дейді ТЖ қызметкерлері.
Осыған байланысты, құтқарушылар бүкіл облыс бойынша «Қол ұшын беру» акциясын өткізіп, жалғыз тұратын зейнеткерлер мен көпбалалы отбасылардың пештерін қолданудағы бұзушылықтарды анықтаған кезде шаруашылық істерінде және бұл бұзушылықтарды жоюда көмек көрсетеді.
Жақсылық жасау оңай, ең бастысы пайдалы және өте қажет!