Құтқарушылар шартты түрде мұражайды сөндірді

Құтқарушылар шартты түрде мұражайды сөндірді

ШҚО ТЖД қызметкерлері бөлімшелердің өнер объектісіндегі өрттерді сөндіруге дайындығын тексерді.

Оқу-жаттығудың жоспарына сәйкес ғимараттың сахналық бөлігінде жану орын алды, көрермендер залына оттың таралу қаупі туындады.

«112» қызметіне болған жағдай туралы хабарлағаннан кейін қызметкерлерді эвакуациялау басталды. Алайда, шартты түрде қатты түтін болғандықтан, олардың кейбіреулері өрт сөндірушілердің көмегінсіз ғимараттан шыға алмады.

Келген құтқарушылар жауынгерлік өрістетуді жүргізді, газ-түтіннен қорғау қызметінің буындарын қалыптастырып, барлау жүргізіп, арнайы тыныс алу аппараттарының көмегімен азаматтарды эвакуациялауды ұйымдастырды.

Шартты өрт ошағы жойылды, ешкім зардап шеккен жоқ.

Өнер мұражайы мәдени мұра нысаны болып табылады, сондықтан мұндай ғимараттағы өрт кезінде ең көп техника отпен күресуге қатысады. Жаттығулардағы барлық әрекеттер нақты жағдайға мүмкіндігінше жақын болды.