Шығыс Қазақстан өңірінің құтқарушылары демалыссыз жұмыс істеуде

Шығыс Қазақстан  өңірінің құтқарушылары демалыссыз жұмыс істеуде

Жаздың соңғы айының алғашқы онкүндігі өте ыстық болды. Адамдар карантин, жабдықталмаған орындарда шомылуға тыйым салынғанына, құтқарушылардың келтіріп жатқан қорқынышты статистикаға  қарамастан барынша кетіп бара жатқан жазды пайдаланып қалғысы келеді.

ТЖ-лықтар үнемі рейдтік шаралар өткізеді, әсіресе демалушылар саны күрт артып кететін демалыс күндеріне баса назар аударылады. Осы демалыс күндері 200-ден астам құтқарушылар мен өрт сөндірушілер облыстың суайдындарын аралап, 1500-ден астам насихаттау парақтарын таратты, шомылу кезіндегі негізгі қауіпсіздік шараларын түсіндірді. Демалушылар арасында Қазақстан Ресрпубликасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің талаптарына сәйкес әкімшілік жазаға тартылғандар да болды. 17 адам 364, 440-баптары бойынша жазаланды.

Еске салатын болсақ, 364 бап - Ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу: 1) тыйым салынған жерлерде шомылу, шағын көлемді кемелермен және басқа да жүзетін құралдармен жүзу - жеке тұлғалар мен заңды тұлғаларға ескерту жасалады, егер де аталмыш бұзушылықтар әкімшілік жаза салынғаннан кейін бір жыл ішінде қайталанатын болса  – екі айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады; 440-бап - Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу : көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдық имандылықты қорлайтын масаң күйде келу –   бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.  әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған әрекеттер – он айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді.

Құрметті шығысқазақстандықтар! Қауіпсіз демалыңыздар! Сіз туралы өткен шақта айтпас үшін шомылу маусымының қорқынышты статистикасына түсіп қалмаңыз!

 

ШҚО ТЖД