Қауіпсіздік өзіңе аса назар аударуды талап етеді!

Қауіпсіздік өзіңе аса назар аударуды талап етеді!

Дамыған әлеуметтік желілерге, мессенджерлерге және т.б. қарамастан,  халыкпен көпшілік ақпарат өздерінің көп пәтерлі тұрғын үйлерінің кіреберісінде не болмаса шыға берісінде оқылады. Өйткені, тұрғын үйдің подъезіндегі кез келген жаңа ақпарат қызығушылық тудырады, және егер де бұл қауіпсіздік талаптарын көрсететін жадынама болса, адамдар оны оқып, өзіне және жақындарына жауапкершілігің сезінеді.

         2020 жылдың суға шомылу маусымы басталысымен Семей аумағының су айдындарында 10 адам суға батып кетті. Суға адамдардың батып кетудің негізгі себептері болып адам факторы қалады – суға шомылуға арналмаған жерлерде суға түсу, мас күйде суға шомылу, өзіне және жақындарына жауапсіздіқ қарым-қатынас, өз күшін асыра бағалау, судағы қарапайым қауіпсіздік ережелерін орындамау.

Осыған орай, 2020 жылғы 10 тамызында Семей қ. ТЖБ-мен суға шомылу айлығы шеңберінде «Lider.kz» еріктілер қозғалысы мен «Азаматтық қорғаудың Жоғарғы колледжі» студенттерімен, қаланың орталығындағы көп пәтерлі тұрғын үйлердің подъездерінде «Судағы қауіпсіздік» жадынамаларды орналастыру арқылы,  «Су айдындарындағы қауіпсіздік» атты тағы бір акциясын өткізді. Аталған шара барысында, жадынамаларды орналастырудан басқа барлық қызығушылық тудырғандарға қосымша судағы қауіпсіздік талаптары жеткізіліп, әңгімелесу жүргізілді және жадынамалар таратылды.

         Сонымен қатар, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында «Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі», «Ашық терезе балаға қауіпті» тақырыптарына жадынамалар орналастырылды және таратылды.

Құрметті қонақтар және қала тұрғындары! Семей қаласының ТЖ басқармасы Сіздерді қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды.

Өзініздің және жақындарыңыздың өмірін сақтаңыздар!

 

 

ШҚО ТЖД Семей қаласының ТЖБ