ГБЖ бар көліктегі қауіпсіздік

ГБЖ бар көліктегі қауіпсіздік

Газ жабдықты автокөлікте көп сатылы қайталанатын қауіпсіздік құралдары пайдаланылады. Бірақ бұл көлік иелерін отын ретінде газды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасының қарапайым ережелерін сақтаудан босатпайды. 

ГБЖ жабдықталған автокөлікте:

газ баллоны тексерісінің мерзімі өткен автокөлік құралын пайдалануға;

газ жабдығының жарамсыз кезіндегі қозғалтқыш жұмысына және газ шыққан жағдайда;

ақаулы ГБЖ бар автокөлікті жабық жайға орналастыруға;  

газбен қозғалтқышты от алдыруға, гаражға кіруге және шығуға;

блоктың ашық бұрандасы бар автокөлікті гаражда сақтауға;

қоректендіру жүйесінде газ болған кезде жөндеу жұмыстарымен айналысуға;

толтырылған баллонмен ГБЖ қосылғыштарының бекіткіштерін тартуға;

қысымда тұрған арматураны соққылауға;

отпен ГБЖ қосылғыштарының қаттылығын тексеруге;

ГБЖ толтыру кезінде газ толтыратын шлангтың жанында болуға тыйым салынады.

Газ шыққан кездегі іс-әрекет:

адамдары аз жерде тоқтау;

от алдыруды өшіру;

ағын клапанын жабу;

жолаушыларды түсіру;

сақтық шараларын сақтау, баллоннан атмосфераға газ шығару;

бензинге ауысу және мамандандырылған ТҚКС бару;

Өрт шыққан кездегі іс-әрекет:

дереу от алдыруды өшіру;

ағын клапанын жабу;

от өшіргіштің көмегімен немесе құммен жануды тоқтатуға әрекет жасау.

Газ баллонды жабдықпен жабдықталған автокөліктегі қауіпсіздік шаралары туралы Шемонаиха ауданы тұрғындарын ақпараттандару үшін Шемонаиха ауданының ТЖБ қызметкерлері көлік тұрақтарында, көлік жуатын жерлерде, ТҚКС-да және автогаз құю станцияларында ГБЖ бар автокөліктерді пайдалану бойынша нұсқаулықтар ілді.   

 

 

Шемонаиха ауданының ТЖБ