ШҚО құтқарушылары ағаштар отырғызды

ШҚО құтқарушылары ағаштар отырғызды

Қазақстан Республикасы күніне орай, сондай-ақ ШҚО ТЖД бөлімшелерін көгалдандыру мақсатында Қазселденқорғау ШҚ филиалының мамандары мен құтқарушылар аумақтарға ағаштар отырғызды.
50 түп отырғызылған шыршалар енді Қазселденқорғау аумағын әрлендіріп тұрады.

Республика күніне орай отырғызылған ағаштар аймақты көгалдандыруға және болашақ ұрпаққа із қалдыруға үлкен мүмкіндік.
“Бұл мейірімді іс, ұжымды біріктіреді. Бұл ағаштар өсіп біздің қызметкерлерді қуантатынына сенімдіміз. Бұл ағаштар өздерінің бір мезгіліне дейін өсіп, жемістерін бергенде, біздің де осы игі ісіміз бірнеше жылдан кейін нәтиже береді деп ойлаймын” деді ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Серік Амангелдин.