ШҚО құтқарушылары мейрам қарсаңында Республика күнін салтанатты түрде атап өтті

ШҚО құтқарушылары мейрам қарсаңында Республика күнін салтанатты түрде атап өтті

Барлық бөлімшелерде салтанатты іс-шаралар өтті, қызметкерлер Қазақстан Республикасы әнұранын Отанға деген сүйіспеншілікпен, патриотизм сезімімен орындап шықты.

25 қазанда дәстүр бойынша, құтқарушылар Өскемен қаласындағы мемлекеттік рәміздер тауына шығып, осы мерекеге арналған флешмобқа қатысты. ШҚО ТЖД қызметкерлері, сондай-ақ, басқа да мемлекеттік ұйымдар мен мекемелер 250 метрді бағындырып, Қазақстан Республикасының Туымен 480 астам баспалдақ арқылы барлық қызметтің бірлігін, тәуелсіз еліміздің өркендеуіне, дамуына күш салатындықтарын көрсете отырып тауға көтерілді. Мереке қарсаңында бөлімшелерде жарыстар, дөңгелек үстелдер, ұйымдастырылды, мектеп оқушыларына ашық есік күні болды, жеке құрамдар мұражайлар мен кітапханаларға барды.

ШҚО ТЖД барлық қызметкерлері Отанымыздың өткен тарихын, оның мәдениетін, жетістіктерін мақтан тұтады