
Құтқарушылар ұлттық мерекеге өзгеше құттықтау дайындады.
Республика күнінде Қазақстан туы бүкіл елімізді әшекейлеп тұрады, ол біртұтас елдің егемендігі мен тәуелсіздігін білдіреді.
ТЖ қызметкерлері біздің елдің туын алып жүрді, бұл жалпы елдің берекесін және азаматтардың қауіпсіздігін бейнелейді.
Құттықтау орны да бекер таңдалмаған, ол - жақында ашылған Қазақстандағы ең ұзын көпір. Бұл көпір қауіпсіздік символы атанды, тұрғындардың өмірлеріне қауіп төнбеу үшін, олардың мұз арқылы өтпеулері үшін жасалынған.
Шығыс Қазақстан құтқарушылары барлық азаматтарды Республика күнімен қүттықтайды. Олар шұғыл жағдайда әрқашан көмекке келуге дайын және елдің қауіпсіздігі үшін қызмет етеді.