
Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау шеңберінде ҚР ТЖМ АҚжӘБК аға офицері Қуаныш Темірбеков облыстық Азаматтық қорғау құралымдарының дайындығына тексеру жүргізді.
Шығыс Қазақстанда табиғи және техногендік сипаттағы ауқымды төтенше жағдайлар болуы мүмкін, оларды жоюға бірінші кезекте шұғыл ден қою жасақтары жұмылдырылады.
Дабыл бойынша екі сағат ішінде жеке құрамның 160 адамы және облыстық жасақтың 54 бірлік техникасы қойылған міндеттерді орындауға толық дайындыққа келтірілді.
Сондай-ақ, құрама эвакуациялық пунктті №38 ОМ өрістету ұйымдастырылды және азаматтық қорғаныс мүлкі бар қоймалар тексерілді.