
Оқиға ШҚО Риддер қаласының Луговая көшесінде орын алды. Майка лақап атты сиыр автокөлік дөңгелегінің қақпағына басын тығып алған. Мүйіздері кергіш сияқты шинаны ұстап тұрғандықтан, ол жемшөп жеп, су іше алмады.
Оқиға орнына келген құтқарушылар жануарды босату үшін күш-жігерін жұмсады. Сиыр тыныш тұрып ТЖ қызметінің мамандарына құтқару операциясын тез әрі сәтті өткізуіне мүмкіндік берді.
ТЖД қызметкерлері жануарларды құтқару бойынша операцияларды үнемі жүргізеді.
Төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарлаңыз.