Қазақстан Республикасы Құтқарушылар күнінде ерекшеленген қызметкерлерді марапаттады

Қазақстан Республикасы Құтқарушылар күнінде ерекшеленген қызметкерлерді марапаттады

ШҚО ТЖД Қазақстан Республикасы Құтқарушылар күніне арналған іс-шара салтанатты түрде өтті.

Ерекшеленген және азаматтық қорғау органының дамуына үлес қосқан қызметкерлер мен ардагерлерге Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен ведомстволық медальдар мен алғыс хаттар табысталды. Ерлік көрсеткен құтқарушылар мен өрт сөндірушілер ШҚО ТЖД бастығының атынан грамоталармен марапатталды, оны ШҚО ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы Қуатбек Кенжебекұлы табыстады.

“ШҚО ТЖД қызметкерлері 2024 жылдың басынан бастап 2800 жедел шығулар, 830 авариялық-құтқару жұмыстары жүзеге асырылды, 235 адам құтқарылды, ТЖ аумағынан 1075 адам тасымалданды.

Төтенше жағдайлар жүйесінде қызмет ету бұл ерлік, батылдық, әр түрлі жағдайларда адамдарға көмекке келу. Әрбір өрт сөндірушіні, құтқарушыны, кинологтарды, сүңгуірлерді, психологтарды шын жүректен құттықтаймын. Жас қызметкерлерге білімдерімен, құтқару қызметімен бөліскен ардагерлерге ерекше тағзым” - деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы Қуатбек Кенжебекұлы.