Қауіпсіздік үшін қызмет ету

Қауіпсіздік үшін қызмет ету

Қазақстан Республикасы Құтқарушылар күні қарсаңында ШҚО ТЖД қызметке жаңадан қабылданған қызметкерлерге салтанатты түрде ант қабылдау шарасы өтті.

Іс-шара бір минуттық үнсіздікпен басталды, офицерлер қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлерді еске алды.

Азаматтық қорғау органына келген қызметкерлер өздерінің тәлімгерлері мен әріптестері алдында олардың осы кәсіпте шыңдалатындарына жол ашатын сөздерін айтты.

Қызметке қабылданған қызметкерлер өздерінің жауапкершілігін, адалдықтарын және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайын екендіктерін сезініп ант қабылдады.  

Құтқарушылар қызметтің барлық қиындығын өткеруге дайын екендіктеріне, қойылған тапсырмаларды адал атқаратындықтарыне, қызметтік-әскери тәртіпті сақтайтындықтарыне ант берді.

«Бұл күн әрбір қызметкердің есінде қалады. Алдарында кездескен қиындықтар мен сынақтарды жеңу арқылы олар құтқарушы болады, шұғыл жағдайларда біздің азаматтарға олардың көмектері қажет», - деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Қуатбек Кенжебекұлы.