
Студент Ералы Тоқтағанды Өскемен қаласы ТЖБ алғыс хатымен марапаттады. Ол Конечный бұрылысындағы үйде өрт басталған кезде сол үйдің иелерін оятып, уақытында көмек көрсеткен.
Бұндай ерліктің арқасында үй иелері аман қалған. Ералы медициналық колледждің студенті, болашақ фельдшер және өзінің өмірін құтқарушылар секілді адамдардың өмірін құтқаруға арнамақшы.