
Қыстық киім үлгісіне ауысуға байланысты, Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамдары арасында саптық байқау өткізілді.
Аймақтың құтқарушылары қатты аяз кезінде төтенше жағдайлар болып қалған жағдайда дайын болу үшін қызметкерлердің сыртқы киім түрлеріне, күнделікті қыстық форманың сәйкестігіне тексеру жүргізді. Сондай-ақ, қызметтік куәліктер мен жеке жетондар да тексерілді. Басшылар қыстық киімді кию ережесімен және белгілердің айырмашылығымен таныстырды.
Осы күні ШҚО барлық бөлімшелерінде жеке құрамдардың дайындығы тексерілді.
Саптық байқау үлкен тәрбиелік потенциал береді. ТЖ қызметі оңай емес, сондықтан да қызметкерлердің сыртқы түрлеріне үлкен мән беріледі.