
Қазақстан Республикасының Құтқарушылар күні қарсаңында ШҚО ТЖД қызметкерлері футбол алаңында күш сынасты. Турнир барысында қатысушылар өздерінің күштері мен төзімділіктерін сынады, жолдастық рухын нығайтты. Қатысқан 12 команда жақсы және жарқын ойын көрсетті.
Қиын әрі қызықты ойын барысында жүлделі орын иегерлері болып атанды:
1 орын- Өскемен қ. Мамандандырылған жасағы
2 орын- Таврия а. №12 Өрт сөндіру бөлімі
3 орын- Қасым Қайсенов к. №10 Өрт сөндіру бөлімі
Үздік ойыншылар болып атанды:
Үздік шабуылшы- Таврия а. 12-ӨСБ бөлімшесінің командирі, азаматтық қорғау сержанты Арман Толымқан
Үздік қорғаушы- Қасым Қайсенов к. 10-ӨСБ өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізуші-қызметкері, азаматтық қорғау аға сержанты Ернур Сарсембаев
Үздік қақпашы- Өскемен қ. Мамандандырылған жасағының бастығы, азаматтық қорғау майоры Аян Кисамбин
Үздік ойыншы- Өскемен қ. Мамандандырылған жасағының аға өрт сөндіруші-құтқарушысы, азаматтық қорғау сержанты Санжар Сартаев
Жеңімпаздар кубоктармен, медальдармен, құрмет грамоталарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
"Іс-шараның мақсаты қызметкерлердің дене шынықтыру дайындығын жан-жақты арттыру. Департамент ұжымдары арасында спорттық жарыстар өткізу жақсы дәстүрге айналды. Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар әрқашан өздерін жақсы дене шынықтыруы керек,мұндай жарыстарда барлық қатысушы командалардың ойыншылары өз шеберліктерін көрсетті. Әр қатысушы әдемі футбол көрсетіп, қажетті нәтижеге қол жеткізуге тырысты", - деп атап өтті "ШҚО ТЖД Өрт сөндіру қызметі" бастығының орынбасары Болат Нұрдыбаев