Ағаш отырғызу- құтқарушылар дәстүрі

Ағаш отырғызу- құтқарушылар дәстүрі

Бүгін ТЖ ардагерлерімен бірлесіп біздің құтқарушылар, оқытушылар “Таза Қазақстан” акциясы аясында М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы Аймақтық оқу орталығы аумағын, өрт сөндіру бөлімдерін, ҚР ТЖМ Өскемен қ. екінші құтқару батальоны аумақтарын көгалдандырды.

Мұндай бірлескен жұмыс ұжымды біріктіріп қана қоймай, жас буынды үлкендерден осы дәстүрді қабылдап алуға мүмкіндік береді.
“ Ағаш отырғызу- игі істердің бірі, туған өлкеге деген сүйіспеншілік. Бұл өз ісіңді өз жеріңе қалдыру. Отырғызған ағаштарымыз жақсы өсіп, жас құтқарушыларға денсаулық, қуаныш сыйласын” - деді қызмет ардагерлері.