ШҚО өрт сөндірушілері саяжай қоғамындағы өртті сөндірді

ШҚО өрт сөндірушілері саяжай қоғамындағы өртті сөндірді

Облыс орталығындағы саяжай қоғамдарының бірінде құрғақ шөп өртенді. Өрт бірден саяжай үйі мен шаруашылық құрылыстарына тарады.

Өрт орнына жедел жеткен ТЖД қызметкерлері 29 шаршы метр алаңда саяжай үйлері және 2 га алаңда шөптің жануын сөндірді.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.

Облыста өрт қауіптілігінің жоғары класы тіркелген. Тұрғындарға табиғатта және үй маңындағы учаскелерде от шығармау және отқа абай болу ұсынылады!