
Кеше Риддер қаласында көпқабатты үйдің пәтерлерінің бірінде өрт шықты. Оқиға орнына №1 мамандандырылған бөлімінің өрт сөндірушілері шықты. Екінші қабаттағы пәтерде 3 шаршы метрде балконның ішкі құрылыстарының бөлшектері мен жатын төсектер жалынға оранды.
Мас болған иесі балконға темекі шегуді шешіп, тез тұтанатын заттардың үстіне темекіні тастайды. Артынан ұйықтауға кетіп қалады. Бұл кезде үй иесі пәтерге кіріп жануды аңғарып, өрт сөндіру қызметіне қоңырау шалды.
Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер өртеніп жатқан пәтерден 2 адамды құтқарды. Сондай-ақ үйдің 14 тұрғыны, оның ішінде 6 баланы эвакуациялады. Отпен күресушілер өртті 7 минутта ауыздықтады.
Есіңізде болсын, өрт өздігінен шықпайды. Әдетте, оған адамдардың немқұрайлылығы және абайсыздығы сеп болып жатады. Сөндірілмеген бір темекінің төсекке, ағаш еденге немесе басқа да жанғыш заттарға түсіп кету салдары сіздің барлық мүліктеріңізді ғана емес, сонымен қатар өміріңізді де қиюуы мүмкін.
ШҚО ТЖД өрт сөндіру қызметі