
Болат Нұрдыбаевтың офицер болу балалық арманы орындалды. 8 сыныптан кейін ол Бауыржан Момышұлы атындағы республикалық әскери мектепке оқуға түсті. Әскери-патриоттық тәрбие, қатаң тәртіп пен шапшаңдық өз өмірінде шешім қабылдауға септігін тигізді. Үнемі Алматы өрт-техникалық училищесінің жанынан өтетін, ол жерде өрт қауіпсіздігі инженерлерін дайындады. Бірақ ол кезде Болат өмірінің барлығы отпен байланысты болатынын білмеді. Әскери мектепті сәтті аяқтағаннан кейін ол Воронеж авиациялық училищесіне жолданды. Екі жыл ол жерде оқығаннан кейін оның алдында таңдау тұрды, Воронежде қалу немесе Қазақстанға оралу. Нағыз патриот ретінде ол туған өлкесін таңдады. Өз еліне оралғаннан кейін ол өрт сөндіру күзетіне қызметке түсті. Осылайша оның еңбек жолы басталып, қызмет еткеніне 30 жылдай уақыт болды. «Ол кезде өрт сөндіру бөлімі енді ғана құрылып жатқан, ауысымға екі адам ғана шығатын, біз жұмыста өмір сүрдік» - деп Болат Нұрдыбаев өз ойымен бөлісті. Өрт сөндіру бөлімінде жұмыс істеп жүріп, өзі жанынан бірнеше рет өткен Алматы өрт-техникалық училищесін бітірді. Өртпен күрестегі бірнеше жылдық еңбегі оның қатардағы өрт сөндірушіден Шығыс Қазақстан облысы өрт сөндіру қызметі бастығының орынбасары лауазымына дейін жетуіне ықпал етті. «Маған үнемі жеке құраммен жұмыс істеу ұнайды. Бұл жерде сен тәлімгер және жанашыр командир болу керексің. Басты ереже-барлығында тәртіп болу керек: басыңда және қимылыңда. Біздің өрт сөндірушілер – нағыз батырлар, олар ерлік жайлы ойламайды, бірақ күн сайын оны жасайды. Олардың жұмыстары ауыр денекүш салмағымен, жоғары стреспен, қауіп-қатермен байланысты. Әр өрт өз бетінше бірегей, әрқайсысында өз тарихы бар. Тағдыр маған осындай жолды таңдап бергеніне және қиын жағдайларда адамдарға көмекке келетініме мен ешқашан өкінген емеспін», - деді Болат Нұрдыбаев.
Қиын кәсібіне қарамастан Болат Нұрдыбаев өте позитивті адам, әрқашан әзіл-оспақты түсіне біледі, сондай-ақ сабырлықты сақтайды, ол қиындықты жеңуге күш береді.
Ақыл, шапшаңдық, қимылдарды талдау, тәртіп – бұл азаматтық қорғау полковнигі Нұрдыбаевтың принципі, жас құтқарушыларға үлгі.