«Су айдындарындағы қауіпсіздік» АКЦИЯСЫ

«Су айдындарындағы қауіпсіздік» АКЦИЯСЫ

2020 жылғы 05 тамызда Семей қ. ТЖБ-ның қызметкерлері суға шомылу айлығы аясында еріктілермен бірлесіп халыққа қызмет көрсету орталықтарында, «Семей Водоканал» МКК және «Теплокоммунэнерго» МКК абонеттік бөлімдерінде «Су айдындарындағы қауіпсіздік» акциясын өткізді.

            Аталған шара судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу және оларды азайту мақсатында, су айдындарындағы қауіпсіздік қағидалары туралы тұрғындарды ақпараттандыру деңгейін жоғарылату, қоғамдықтың назарын аудару үшін жүргізіледі.

            Іс-шара барысында әңгімелесу жүргізілді және «Судағы қауіпсіздік қағидалары» тақырыптағы жадынамалар таратылды.

            Су қателікті кешірмейтіні әркімге белгілі! Судағы жүріс-тұрыс қағидалары және оларды есте сақтау қиын емес, бірақ Сізді және сіздің жақындарыңыздың өмірін сақтап қалуға, осы қарапайым ережелері көмегін тигізеді.

            Біз, қала азаматтарын қайда жүрсеңіздер де қауіпсіздікті сақтап, барлық қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз.

 

 

ШҚО ТЖД Семей қ. ТЖБ