Өрт сөндірушілер Кичаевтар әулеті

Өрт сөндірушілер Кичаевтар әулеті

Әлемдегі ең қауіпті мамандықтардың бірі — өрт сөндіруші. Нағыз ер-азаматтарға тән мамандық жүректілік пен батылдықты талап етеді. Күнде өлім мен өмірдің арасында арпалысып жүрген батырлардың құрал-саймандары сақадай сай, дайындықтары жоғары деңгейде болуы керек.

Себебі өрт сөндіруші қызметі қателікті мүлдем кешірмейді. Тәуліктің кез келген уақытында, аптап ыстық пен қақаған аязда отқа да, суға да түседі. Солардың бірі Риддер қ. № 14  өрт сондіру бөлімінің бөлімше командирі Сергей Сергеевич Кичаев. Осы салада абыроймен үзбей, 20 жылга жуық адал кызметін аткарып келе жаткан жауапкершілігі мол азаматтық қорғау старшинасы Сергей Сергеевич Кичаев. Сергей Кичаев 1982 жылы 24 қырқүйекте Өскемен қаласында дүниеге келген. 2002-2004 жылдары Отан алдындағы борышын өтеді. 2005 жылдан бастап Риддер қаласында орналасқан № 14 өрт сөндіру бөлімінде үздіксіз қызмет етіп келеді.

 Жас кезінен спортқа, әсіресе волейболға деген құштарлығы мол болатын. Және қазіргі уақытта осы спорт түрін тастамай,  бос уакытын спортзалда өткізеді.

Сергейдің әкесі Сергей Иванович Кичаев 1973 жылдан бастап  1996 жылға дейін өрт сөндіру қызметінде қызмет атқарды. Ол бөлімше командирінен Лениногорск гарнизонының бастығына дейін көтерілді, подполковник лауазымында қызметінен босатылды. Ал апайы - Кичаева (Шипиленко) Елена Сергеевна 1993 жылдан бастап 2019 жылға дейін өрт сөндіру қызметінде радиотелефоншы болып жұмыс істеді. Сондықтан Сергей династияның жалғастырушысы  деуге  болады.

Біздің старшина қызмет барысында көптеген қауіпті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарына қатысып, адамдардың өмірін құтқарды. Оның батылдығы мен шұғыл шешім қабылдау қабілеті әрдайым жоғары бағаланды. Ол өз әріптестері арасында үлгі болып, жастарды тәрбиелеуде белсенді  рөл атқарады.