
Шемонаиха ауданында Калинин көшесінің бойында 3 иесіне арналған жеке үй өртеніп кетті. Келген өрт есептеулерімен өрт 36 ш. м. алаңда жойылды. Қатты ащы түтіннен №28 өрт сөндіру бөлімі бөлімшесінің командирі Орынғали Дүйсенғалиев үйдің ішінен мысық тапты. Жануар ес-түссіз болды. Орынғали Мысықты таза ауаға тез шығарып, арнайы оттегі аппаратының көмегімен реанимация жүргізді, осылайша Буся атты Мысықты құтқарды.
Өрт себебі бойынша электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау нұсқасы пысықталуда.
ШҚО ТЖД Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды еске салады.
Өрт кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлау қажет.
Біз үшін әрбір өмір маңызды.