Өрт сөндіру автокөлігінің жүргізушісі өзінің кәсібіне деген сүйіспеншілігін айтты

Өрт сөндіру автокөлігінің жүргізушісі өзінің кәсібіне деген сүйіспеншілігін айтты

Өрт сөндіру автокөлігін жүргізушінің міндеті шақырту орнына өрт сөндірушілерді апару ғана деп ойлайды. Шынына келгенде жүргізушінің жауапкершілігі әлдеқайда үлкен.

Оның жауапкершілігі гараждан басталады: автокөліктің техникалық дайындығы, жұмысқа керекті барлық сұйықтықтарды толтыру мысалы: жанар-жағар май, май, су, көбік.

Сұңғат Ахметов Өскемен қаласының мамандандырылған жасақ жүргізушісі, отпен күрестегі қызмет өтілі 18 жыл. 100-ден астам өртті сөндіруге және 20 адамды құтқаруға ат салысқан.  

-Сіз бұл мамандыққа қалай келдіңіз?

- Құтқарушылар қатарына іріктеу болып жатқанын естіп қызметке келдім, осылайша бұл мамандықпен бірнеше жыл өмір сүріп келемін.

- Достарың мен туыстарыңның бұл мамандыққа деген көзқарастары қандай?

- Түсіністікпен қарайды, бірақ әрқашан уайымдайды. Үйде ауысымнан келгенімді сағат санап тосып отырады.

- Ең көп неше рет ауысымға шығасыз?

- Ең көп көктем мен жазда ауысымға шығамыз, бір ауысымда 10-15 жағдайға дейін болады. Негізінен шөптер өртенеді. Менің жұмыс күнім таңертең ерте басталады. Жұмысқа келіп, автокөліктің техникалық жағдайын тексеремін: шақыруларға шыққан кезде барлығы істеп тұру үшін фонарьларын, фараларын, бұрылыс шамдарына қараймын.  

- Адамдарда «өрт сөндірушілер сусыз келді» деген ой бола ма?

- Дұрыс емес. Өрт сөндіру автокөлігінде 3 тонна су болады. Кейбір «Уралдарда» 6 тонна су болады. Егер өрт күшті, ашық болса, онда оған қатты қысым беру керек, осындай кезде 3 тонна су 10 минутта кетіп қалады. Өртті жойғаннан кейін баяу су құйылады. Машиналар «үйлерге» шыққан кезде бірден қосымша көмек беріледі. Өртте бірнеше категория бар: 1 өрт туралы хабарлама келіп түсті, 2 бөлімше шығады. 1-БИС – өрт расталды, жұмыс істейміз, қиын болса басқа бөлімдерден 2 машина сұраймыз. Егер мысалы 2 категория болса 7 машина жинайды, нөмір 3 – 10 машина жинайды.  

- Ең ірі өртті сөндіргеніңіз туралы айтып беріңізші.

- Мен Ұлан ауданы, Риддер қаласы аумағында болған көптеген табиғи өрттерді сөндіруге қатысқанмын. Бір кездері орман-дала аумағын қамтыған өрт болды, біз сол кезде отпен бір апта арпалыстық. Бір тәулікте неше рет автоцистернаны суға толтырғанымызды санау мүмкін емес. Қазір көп пәтерлі үйлерге өрт сөндіруге сатылы көтергішпен үнемі  шығамыз.  

- Өрт сөндіру техникасын жүргізу шеберлігінің құпиясы неде?

- Біріншіден өз ойыңды жинақтау қажет, автокөлікті дөрекі жүргізуге болмайды, бірден маршрутты біліп алу керек және жеке құрамды өрт орнына жеткізу керек, ең қиыны көп машиналар қойылған аулаға біздің арнайы техникамызды дұрыс бағытта орналастырып алу керек. Адамдар өмірін құтқару осыған байланысты.  

- Сіздің қызметіңізде не ұнайды?

- Бұл маған жақын: ретке келтіру, тәртіп, үнемі дайын болу. Міне біз қазір отырып сөйлесіп отырмыз. Адамдарға көмектесу ісіне қатысатыныма  ризамын.